Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлына «Ахмет Байтұрсынұлы» ведомстволық марапатының табысталуы
2026 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастыруымен өткен салтанатты рәсімде филология ғылымдарының кандидаты, құрметті әріптесіміз Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлына «Ахмет Байтұрсынұлы» ведомстволық наградасы табысталды.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Жалпы медицина–1 мектебі ұжымы Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлын осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды!
Аталған марапат – ғалымның мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға қосқан зор үлесінің жоғары бағалануының айқын көрінісі.
Сіздің еңбегіңіз – жас ұрпаққа үлгі, ғылым мен білім саласындағы маңызды жетістік.
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, зор денсаулық және жаңа ғылыми белестер тілейміз!












